Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей шаһары одан әрі әрлене түсті

6-08-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында ерекше сән беретін тақырыптық безендірулер мен көркем архитектуралық пішіндер орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жасалған ауқымды көркемдік жоба.

Ең басты ерекшелігі – нысандар мерейтой аяқталғаннан кейін де қала келбетінің ажарын ашып, тұрғындар мен қонақтардың көз қуанышына айналады. Мұндай формалар қалада алғаш рет дәл кіреберіс аумақтардан бастап орнатылуда. Және барлық архитектуралық пішіндер түнде жарқырап, қала сәніне әр беруде.

Сонымен қатар, маңызды көше бойларындағы жарық бағаналарына жарықтандырылған light box-тар орнатылып, қаланың түнгі көрінісін ерекше жандандыруда.

Жұмыстар жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив