Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
542.29 629.54 6.77

Ербол Мырзабосынов Халықаралық таеквондо федерациясының президентімен кездесті

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде халықаралық спорт қауымдастықтарымен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жыл басынан бері Қазақстанға 19 халықаралық федерация мен ұлттық олимпиада комитеттерінің басшылары келді.

Осы тұрғыда Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоумен кездесті. Келіссөз барысында тараптар серіктестікті кеңейту, тәжірибе алмасу және Қазақстанда таеквондо спортын дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу елордада өтетін G-1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингтік турнирінің қарсаңында ұйымдастырылды. Бұл жарыс елімізде таеквондоны дамытудағы маңызды қадам болмақ әрі Қазақстанның ірі спорттық іс-шараларды өткізуге қабілетті, сенімді серіктес ретіндегі беделін нығайтады.

Аталған турнир еліміздің 2026 жылы өтетін Гран-при финалына (өткізу құқығы қазірдің өзінде расталған) және 2027 жылғы әлем чемпионатына (өткізуге өтінім беру жоспарланып отыр) дайын екенін көрсетеді.

Kazakhstan Open 2025 жарысына кадеттер, жасөспірімдер және ересектер санатындағы спортшылар қатысады. Әлемнің түрлі елдерінен 750-ден астам спортшы бақ сынайды деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив