Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
542.29 629.54 6.77

Астанада анимация бойынша мастер-кластар өтуде

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Идеядан мультфильмге дейін» атты білім беру бағдарламасын іске қосты.

Жоба анимациялық фильм жасаудың негізгі кезеңдерін, идеяны әзірлеуден бастап оны жүзеге асыруға дейінгі процесті қамтиды. Мастер-кластар сериясы аясында қатысушылар сторителлинг пен визуалды баяндауды, анимациялық әлем құруды, қаржылық жоспарлауды және өндірістегі түрлі техника ерекшеліктерін меңгереді.

Бағдарлама 2025 жылғы 28 шілдеден 11 қазанға дейін өтеді. Оқытуға Финляндия, Канада, Франция және Армениядан келген, халықаралық анимация индустриясында тәжірибесі мол мамандар тартылған.

Әрбір шақырылған сарапшы жеке тақырыпта дәріс оқиды. Атап айтсақ, питч-дек әзірлеу, драматургия, деректі анимация мен перекладка техникасы үйретіледі. Іс-шара форматы теориялық дәрістер мен практикалық сабақтарды ұштастырады.

Кең аудиторияға арналған онлайн-трансляциялар «Қазақфильмнің» ресми YouTube-арнасында қолжетімді.

Жоба Қазақстандағы анимация саласын дамыту және сала мамандарына арналған кәсіби білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив