Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.96 630.27 6.73

Инвестицияларды ынталандыру, өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуі, АӨК дамыту – Серік Жұманғариннің баспасөз конференциясы өтті

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Үкіметте өткен баспасөз конференцияда Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы және 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып берді.

Вице-премьер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын екі есеге арттыру жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті.  2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндағы нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, соның ішінде инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жүруде. Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.

Негізгі драйверлер – көлік (+22,5%), құрылыс (+18,5%) және сауда (+8,6%) саласы. Тау-кен өнеркәсібінде (+8,5%) өсу жалғасып, өңдеу секторы (+6,1%) жандана түсті.

Вице-премьер қабылданған шаралардың нәтижесінде қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өскенін атап өтті.

Инвестицияның ең көп өсімі білім беру саласында 2,3 есе, қаржы қызметінде 90,1%, өңдеу өнеркәсібінде 38,7%, ауыл шаруашылығында 27%, денсаулық сақтауда 17,5%, көлікте 17% мөлшерінде байқалады.

Қазақстанда экономиканы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті. Соның ішінде шикізатты терең өңдеу және аралас салаларды дамытуға баса мән берілуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1%-ға өсті.

«Өсімге металл бұйымдар өндірісі мен машина жасауда 14%-ға, тамақ өнімдерінде 9,2%-ға, мұнай өңдеуде 8,6%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінде 6%-ға ұлғаю есебінен қол жеткізілді», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.

Тау-кен өнеркәсібі де жоғары өсу қарқынын +8,5%-ға сақтап келеді. Бұл мұнай өндірудің 11,9%-ға, газ өндірудің 14,3%-ға және көмірдің 10,6%-ға артуымен байланысты.

Құрылыс жұмыстарының өсуі 18,5%-ға дейін жеделдеді. 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 5,2%-ға артық.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив