Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.96 630.27 6.73

Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасын орындау: жеті айда ЖІӨ өсімі 6,3%-ға жетті

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

Вице-премьер Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасын екі есеге арттыру жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұндағы нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, соның ішінде инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жүруде. Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3% құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.

Негізгі драйверлер - көлік (+22,5%), құрылыс (+18,5%) және сауда (+8,6%) саласы. Тау-кен өнеркәсібінде өсу жалғасып (+8,5%), өңдеу секторы (+6,1%) жандана түсті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив