Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.96 630.27 6.73

Энергетика министрлігінің қызметкерлері отбасымен бірге Абай өлеңдерін оқыды

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Елімізде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда. ҚР Энергетика министрлігінде Абайдың шығармашылығын насихаттау және ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты отбасылық байқау өтті.

Байқауға 6 отбасы қатысып, үй тапсырмасын орындап, өз өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасында Энергетика министрлігі аппаратының басшысы Жанар Жарылғасова, Әдеп жөніндегі уәкіл Ләззат Қосаева, әкімшілік жұмысы департаментінің директоры Шыңғыс Жұмағұлов және уадрлық саясат департаментінің директоры Жандос Хасен болды.

Нәтижесінде І орынды Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Мұнай тасымалдау басқармасының бас сарапшысы Әділжан Байқадамовтың отбасы, ІІ орынды Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілерді сараптау және мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы Жарбол Сүлейменовтың отбасы, ІІІ орынды Жолданымдарды және орындаушылық тәртіпті бақылау департаменті Құжатайналым және орындаушылық тәртіпті бақылау басқармасының бас сарапшысы Нұргүл Ережепованың отбасы иеленді.

Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтарымен Жер қойнауын пайдалану департаменті Келісімшарттар және толықтырулар басқармасының басшысы Сындыбек Бейсенғалиевтың, Стратегиялық даму департаменті Жобалық офис басқармасының бас сарапшысы Меруерт Күнжақсинаның және Мұнай игеру және өндіру департаменті Мұнай-газ саласындағы еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқармасының бас сарапшысы Аида Турсумбекованың отбасылары марапатталды.

Іс-шара Абай мұрасын насихаттауға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив