Абай облысында тамыз айында шекарада бірнеше заңбұзушылықтың жолы кесілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің тамыз айында жүргізген шекаралық бақылау шаралары барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
3 тамызда «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде Ресей Федерациясының азаматшасы ұсталды. Ол Қазақстан аумағында тіркеусіз 7 күн болған. ҚР ӘҚБтК 517-бабы 3-бөлігі бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл салынып, шекара арқылы өткізілді.
5 тамызда «Жезкент» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінде РФ азаматы 18 мың АҚШ долларын (9 682 380 теңге) заңсыз әкетпек болған. ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, ол шекарадан өткізілмеді.
6 тамызда «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде РФ азаматының көлігінен 8 мм калибрлі газ тапаншасы, оқжатар және 4 дана оқ жасырын түрде табылды. Ол Бородулиха ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
7 тамызда «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде қызметтік иттің көмегімен РФ азаматшасының көлігінен шамамен 400 грамм синтетикалық есірткі табылды. Ол Бородулиха ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
8 тамызда ҚР азаматының көлігінен 16 мм калибрлі 14 дана аңшы оқ-дәрісі анықталды. ҚР ӘҚБтК 484-бабы бойынша 10 АЕК айыппұл салынып, шекарадан өткізілді.
9 тамызда «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде РФ азаматшасы тіркеусіз 8 күн жүргені үшін 15 АЕК айыппұл салынып, шекарадан өткізілді.
14 тамызда «Ауыл» теміржолдық шекаралық бақылау бөлімшесінде Үндістанның екі азаматы тіркеусіз 4 күн жүргені үшін ұсталды. ҚР ӘҚБтК 517-бабы 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес 10 АЕК айыппұл салынды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті шекаралық қауіпсіздік пен заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.