Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540 630.72 6.72

Семейде спорт күніне арналған салтанатты кеш өтті

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында Спорт күні мерекесіне орай салтанатты кеш ұйымдастырылды. Шара барысында қала спортшылары мен спорт ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, марапаттау рәсімі өтті.

Бұл мереке – еліміздің абыройын асқақтатып, халықаралық ареналарда көк туымызды көкке көтеріп жүрген спортшылардың, олардың бапкерлік жолда сенімді серігі болып, талмай еңбек етіп келе жатқан жаттықтырушылар мен төрешілердің, сондай-ақ спорт саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің төл мерекесі.

Айтулы күн елімізде биыл жиырма жетінші жыл қатарынан аталып өтіп отыр. Бұл – мемлекет тарапынан спортқа деген тұрақты қолдаудың, салауатты өмір салтын насихаттаудың және жас ұрпақты спортқа баулудың жарқын көрінісі

Сонымен қатар, мереке аясында қала бойынша спорт сүйер қауымға арналған қалалық ашық турнирлер өтіп жатыр. Бұл жарыстар бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындарды белсенді өмір салтына баулуға және жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Марапаттау рәсімінде ардагерлер мен спортшылар Семей қаласы әкімінің м.а. Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив