Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Екі жылдан соң Үржар мен Мақаншыға пойыз қатынайды

19-08-2025, 11:18 018.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасының құрылысын созбай, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы.

Үкімет тарапынан ірі инфрақұрылымдық бастамалардың, соның ішінде «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің уақытылы іске асуына баса назар аударылуда. Жоба 2027 жылы толық аяқталуы тиіс.

Премьер-министрдің айтуынша, жаңа теміржол бағыты тек күрделі учаскелер мен ірі түйіспелі тораптардың жүктемесін азайтып қана қоймай, сонымен бірге транзиттік жүктер ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, екі жылдан кейін Үржар мен Мақаншыға тікелей пойыз қатынасы ашылады деп күтілуде.

Мирас МАЛҒАЖДАРОВ, «Абай Ақпарат» редакциясы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив