Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540 630.72 6.72

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдаудың аяқталуына санаулы күн қалды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылатын «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау науқаны соңғы кезеңге жетті.

Биыл төртінші рет өтетін байқауға «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.

Өтінім 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс.  

Осы кезге дейін сыйлыққа барлығы 66 шығарма келіп түсті. Оның ішінде «Үздік проза» бойынша – 18, «Үздік поэзия» – 10, «Үздік драматургия» – 12, «Үздік әдеби сын» – 3, «Үздік әдеби аударма» – 5, «Үздік балалар әдебиеті» – 17 және «Үздік комикс» бойынша 1 шығарма қабылданды.

Ұлттық әдеби сыйлықтың жеңімпаздары жыл соңында анықталады.

Толық ақпаратты www.aiboz.kz сайтынан немесе +7 707 333 5610  нөмірі арқылы біле аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив