Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11-04-2023, 13:17 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 249 кәсіпорында 11,3 мың жұмыскердің алдында 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 248 нұсқама беріліп, 31,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив