Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Семейлік ұстаздарға BINOM мектебінің тәжірибесі ұсынылды

26-08-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM school мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Аружан Жақсыбаева Семей қаласы педагогтерінің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап шеберлік сағатын өткізді.

«Белсенділік пен икемділік дағдылары: заманауи сабақ формуласы» тақырыбындағы дәріс барысында жас ұстаз жаңа әдіс-тәсілдер мен заманауи білім беру бағдарламаларына негізделген тәжірибесін ортаға салды.

Аружан Жақсыбаева оқушылардың белсенді ойлау қабілетін дамытудың, оқу процесінде икемділік танытудың маңызын атап өтті. Ол практикалық мысалдар келтіріп, оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдістемелік тәсілдерді ұсынды.

Сонымен қатар, семинарға қатысқан ұстаздар оқушыларды топтық жұмысқа бейімдеуге және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тапсырмалармен танысты.

Қатысқан ұстаздар шеберлік сағатының мазмұнына жоғары баға беріп, өздерінің оң әсерлерімен бөлісті. Олар бұл тәжірибенің күнделікті сабақ барысында тиімді қолдануға болатын тың идеялар бергенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив