Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жол саласы мамандарының цифрлық банкін толтыру жұмыстары басталды

12-04-2023, 08:57 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жолшылардың бірыңғай біліктілік базасын толтыру үшіндеректерді жинау бойынша жұмыстардың басталғаны туралы жариялады.

Осылайша 2023 жылдың сәуір айының басында «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жол саласының бірыңғай біліктілік базасын толтыруға кіріскен болатын.

Институт сайтында жол құрылысындағы ЖОО түлектері сынды болашақ мамандар мен қазіргі инженерлер, шеберлер, жобалаушылар туралы әрібасқа да мәліметтер жинау бойынша жұмыстар басталды.

«Институттың сайтында деректерді жинаутуралы хабарландырумен бірге біз жол саласының студенттері, қызметкерлері мен компаниялары сауалнамаға қатысып, деректерді толтыруға мүмкіндік алатын сілтеме жарияладық. Жалпы цифрлық база жол еңбек нарығын талдауға мүмкіндік береді», деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» АҚ Цифрландыру басқармасының басшысы ҚұрманғазыТілеу.

Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасы – бұлсалалық еңбек биржасы немесе мамандардың цифрлық қоры. Біліктілік базасы арқылы мердігер ұйымдар онлайн режимінде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін қажет мамандарды таба алады. Өз кезегінде жол құрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы болады. Өйткені аталған базадағылардың дағдылары мен оқыту курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар қолжетімді болмақ.

«Біліктілік базасы ҚР автожолмамандарының санаты, өтілі, дағдылары мен сертификаттары туралы мәліметтерді сақтайды. Біздің болжамымыз бойынша, бұлбазаның көмегімен білікті кадрлардың жетіспеушілігі сияқты проблеманы шеше аламыз», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығының директоры Гүлжамал Омарова.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол саласы мамандарының бірыңғай біліктілік базасының жобасын жариялап, оны әзірлеумен айналысты.

Институт қазірдің өзінде жүйенің прототипін дайындап, авторлық құқыққа ие болды. Ақпараттық жүйені іске қосу 2023 жылдың жаз айларына жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив