Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.55 627.55 6.7

ҚТЖ Қытайға өсімдік майын тасымалдаудың жаңа форматын іске қосты

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

ҚТЖ күнбағыс майын флекситанк көмегімен 40 футтық контейнерлерде алғашқы жөнелтуді жүзеге асырды. Пилоттық партия Предгорная станциясынан (Шығыс Қазақстан облысы) Достық-Алашаңқай шекара өткелі арқылы Нантун қаласына (Цзянсу провинциясы, ҚХР) жөнелтілді.

Флекситанктер – бұл контейнерлер ішіне орналастырылған икемді резервуарлар. Олар 26 тоннаға дейін сұйық жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді, бұл жүктің  сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді және ағып кету мен ластану қаупін азайтады.

Жөнелту рәсіміне ҚТЖ және Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының өкілдері қатысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 2020 жылдан бастап флекситанкаларды пайдалана отырып, 20 футтық контейнерлерде өсімдік майларының экспортын белсенді дамытып келеді, бұл қазақстандық май өнімдері үшін аса ірі нарыққа жеткізу көлемінің өсуіне ықпал етеді. 40 футтық контейнерлерде жаңа жөнелту экспорттық тасымалдауды кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Соңғы бес жылда Қытайға өсімдік майларын жеткізу 10 есе өсті. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив