Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.55 627.55 6.7

Роман Скляр қытайлық компаниялармен бірқатар кездесу өткізді

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Development Bank (CDB) директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Хуанмен кездесті. Келіссөздер Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің VIII отырысы шеңберінде өтті және Қазақстан жүзеге асырып жатқан стратегиялық жобаларды қаржыландыру мәселелеріне арналды. Оның ішінде «Qarmet» АҚ-ның жаңғырту жобалары да бар.

Құны $3,5 млрд-қа бағаланған Qarmet-ті жаңғырту бағдарламасы Қазақстан металлургия саласының тарихындағы ең ауқымдысы болмақ. Басты мақсат – озық әлемдік тәжірибелерді, инновациялық технологияларды және ESG-стандарттарды енгізу, бұл өз кезегінде отандық металлургияның жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

CDB-пен кездесу барысында бағдарламаның бірқатар негізгі бағыттарын қаржыландыруға банктің қатысуы талқыланды: жаңа құю-прокат кешенін құру, сортопрокат цехын салу, шойынды десульфурациялау технологияларын енгізу, сондай-ақ қытайлық ACRE компаниясымен бірлесіп заманауи кокстық батареяларды тұрғызу. Қазақстандық тарап барлық жоба халықаралық стандарттарға толық сәйкес жүзеге асырылатынын, мерзімдерді қысқарту үшін тиімді шешімдер қолданылып, заманауи технологиялар енгізілетінін атап өтті, бұл жоғары сапа мен қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Qarmet-ті жаңғырту жобасын «Бір белдеу – бір жол» бастамасына енгізу және барлық қажетті рәсімді толық сүйемелденуі жөнінде дайындық расталды. Келіссөздерге «Бәйтерек» ұлттық холдингі мен Қазақстанның Даму Банкі өкілдері де қатысты, олар ұлттық институттардың жобаларды табысты жүзеге асыруға жәрдемдесуге дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Бейжіңде China Gezhouba Group Co., Ltd директорлар кеңесінің төрағасы Тан Хуамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Қ. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейінгі су құбыры және №4 сорғы-сүзгі станциясын салу» жобасының ағымдағы мәртебесі мен оны іске асырудың алдағы қадамдары талқыланды.

Аталған жоба елордаға су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрақты сумен жабдықтау тұрғысынан стратегиялық маңызға ие.

Жобаны қаржыландырудың 85%-ы Қытайдың мемлекеттік банкі – Export-Import Bank of China несиесін тарту есебінен жүзеге асырылмақ.

Тараптардың тығыз ынтымақтастығы аясында қаржыландыруды тарту жұмыстары қысқа мерзімде орындалып, қазіргі уақытта аяқталу сатысында тұр.

China Gezhouba Group Co., Ltd. жобаның EPC-мердігері ретінде оны белгіленген мерзімде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін барлық ресурсты жұмылдыруда.

Жобалауды ағымдағы жылдың соңынан кешіктірмей аяқтау жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив