Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.55 627.55 6.7

Санжар Жаркешов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Санжар Серікбайұлы Жаркешов энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. «Мұнай және газ инженериясы» мамандығы бойынша Техас университетін (АҚШ), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Мұнай және геожүйе инжинирия орталығында» зерттеуші инженер болып бастаған.

2010–2016 жылдары — Калифорния, Колорадо және Техас штаттарында (АҚШ), сондай-ақ Атырау облысында Exxon Mobil корпорациясының бұрғылау инженері, Иракта бұрғылау жөніндегі аға инженер, Ресей Федерациясында (Сахалин аралы) бас бұрғылау инженері, Атырау қаласындағы «Қашаған» жобасының мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында аға жобалау инженері.

2016–2018 жылдары — MERLIN ERD LTD компаниясының кәсіпшілік супервайзерлерінің басшысы және бұрғылау жөніндегі жетекші инженері.

2018–2019 жылдары — Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты, АҚШ және Ұлыбританиядағы жобаларда McKinsey and Company Лондон кеңсесінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы консультанты және жаһандық сарапшысы.

2019–2020 жылдары — ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2020–2022 жылдары — «Нафтогаз УГВ» бас директорының геология және барлау жөніндегі орынбасары – Украина Нафтогаз «Барлау және Өндіру» дивизионы директорының орынбасары

2022 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив