Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

Қазақстан СІМ-де Бельгия Парламентінің делегациясымен кездесу өтті

3-09-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Бельгия Корольдігінің Федералдық Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрайымы, Фламанд Парламентінің депутаты Стефан Д’Оз бастаған парламенттік делегациясымен кездесу өткізді.

Министрдің орынбасары Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты және көпжақты деңгейлерде, соның ішінде Еуропалық одақ пен басқа халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан-Бельгия серіктестігінің өзекті бағыттары және бірлескен іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті.

Тараптар парламентаралық байланыстарды одар әрі нығайтуға, өзара тиімді экономикалық серіктестікті және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды күшейтуге қызығушылық білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив