Облыс әкімі «Дизайн Мебель» кәсіпорнында болды
Облыс әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында «Дизайн Мебель» кәсіпорнына барып, өндіріс үдерісімен танысты.
Мекеме 1998 жылдан бері корпус және жұмсақ жиһаз өндірісімен айналысып келеді. Негізгі өнімдер қатарына үстелдер, тумбалар, шкафтар, кеңсе жабдықтары, сондай-ақ түрлі тұрмыстық және кеңселік жиһаздар жатады. Жылдық өндірістік қуаттылығы – 1320 дана жиһаз. Мұнда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Кәсіпорынның өнімдерін облыстың білім беру ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жеке тұтынушылар пайдаланады. Өндірісте Ресей мен Қытайдан жеткізілетін сапалы табиғи шикізат қолданылады.
Сонымен қатар кәсіпорын өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып, өз үлестерін қосып келеді. Әсіресе Семей қаласының орталық мешітіне, қалалық балалар мен жастар шығармашылық сарайына көмек көрсетіп, Жаңасемей ауданындағы Ақбұлақ ауылының мектебін жөндеуден өткізіп, жиһазбен жабдықтаған.
Аймақ басшысы кәсіпорынның өндірістік үдерісін, жаңа технологиялық желілерін көріп, жұмысшылармен пікірлесті.