Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

Сауда министрлігі мен Alibaba электрондық саудадағы жаңа мүмкіндіктерді қарастырды

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен Alibaba компаниясының өкілдерімен кездесу өтті, онда электрондық сауданы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің және «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығының өкілдері қатысты.

Атап өтілгендей, Қазақстан бұл салада тұрақты өсімді көрсетіп отыр: 2024 жылдың қорытындысы бойынша онлайн-сатылымдардың көлемі 3,2 трлн теңгені құрап, бөлшек сауданың жалпы көлемінің 14,1%-ын иеленді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты тереңдету бағыттарын қарастырды. Атап айтқанда, электрондық сауданы B2B және B2C форматтарында бөлек реттеу мәселелері, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін арнайы B2B-маркетплейс құру перспективалары талқыланды.

Ерекше назар биылғы жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыруға аударылды. Бұл құжат цифрлық экожүйені дамытуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және шетелдік компанияларды тартуға бағытталған.

Сауда және интеграция министрлігі электрондық сауда саласында ынтымақтастықты дамыту бойынша ашық диалог пен одан әрі бірлескен жұмысқа дайын екендігін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив