Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ерұлан Жамаубаев несиелік алаяқтықпен күрес жөнінде кеңес өткізді

12-04-2023, 13:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтіп, онда Несиелік алаяқтықпен күрес жөніндегі жол картасының жобасы қаралды.

Жол картасындағы іс-шаралар несиелік және онлайн-банкинг қызметтері нарығындағы алаяқтықтың алдын алу бойынша құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған.

Жол картасындағы іс-шаралардың басым бөлігі заңнамалық тұрғыда реттеуді қажет етеді. Жауапты мемлекеттік органдар заңнамалық актілерге және салалық нормативтік-құқықтық актілерге қажетті түзетулер әзірлейді. 

Кеңес қорытындысы бойынша Е. Жамаубаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық Банкпен бірлесіп, Жол картасының жобасын әрі қарай пысықтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив