Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.54 637.09 6.52

Әлішер Мұқажан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасы болып тағайындалды

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мұқажан Әлішер Қуатұлы Ақпарат комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

Әлішер Қуатұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Тұран университетін бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы жеке құрылымдарда бастады.

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының аға сарапшысының міндетін атқарушы.

2017–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметінің сарапшысы.

2019–2023 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаментінің сарапшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (кейіннен Мәдениет және ақпарат министрлігі) БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив