Абай облысының делегациясы Түркістан облысына барды

Абай облысының делегациясы Түркістан облысы әкімдігі мен Корея Республикасының Губернаторлар ассоциациясы (GAROK) ұйымдастырып жатқан «Орталық Азия – Корея Республикасы» жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екінші ынтымақтастық форумына қатысады.
Форум аясында Абай облысы әкімдігінің делегациясы Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр, Мақаншы және Үржар аудандарының әкімдері, облыстық басқарма басшылары, бизнес өкілдері мен сәулетшілер бар. Жалпы сапарға 20-дан астам адам қатысты.
Сапар барысында делегация Түлкібас және Сайрам аудандарындағы агроөнеркәсіп кешенінің жобаларымен танысты. Түлкібас ауданында «Майтөбе-Сүт» сүт өңдеу цехы мен «Кен-Тау» ЖШС-нің жеміс-көкөніс сақтау қоймасының жұмысы көрсетілді. Сайрам ауданында «Kaz Eco Meat» ет өңдеу кешені, «Nurym Group» бордақылау алаңы және «DALA-FRUIT.KZ» жеміс-көкөніс кластері таныстырылды. Делегация срндай-ақ Түркістан облысындағы өнеркәсіптік нысандарды аралады.