Қызылордада архив ісі бойынша республикалық өңірлік семинар өтті

Қызылорда қаласында «Архив құжаттарын беру тәртібі» тақырыбында екі күндік республикалық өңірлік семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Алматы мен Шымкент қалалары, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының мемлекеттік, ведомстволық және өңірлік архив мекемелері мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – архив саласы мамандарының біліктілігін арттыру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және архив ісіндегі өңіраралық ынтымақтастықты нығайту.
Семинар барысында архив саласына қатысты қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді тәжірибеде қолдану, ведомстволық деңгейде және мемлекеттік архивтерде архивтік құжаттарды беру тәжірибесі талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибе алмасып, өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді.
Іс-шараның екінші күні мемлекеттік және ведомстволық архивтердің электрондық құжаттарды беру, қабылдау, сақтау және пайдалану процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізу бойынша оқыту өтті.