Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.01 640.34 6.52

Қарулы күштердің әскери қызметшісі Республика күніне орай 600 шақырым жүгіруге ниетті

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Астанадағы аумақтық қорғаныс бригадасы бөлімшесінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша ара қашықтығы 600 шақырым болатын бірегей спорттық сынаққа – супермарафонға дайындалуда.

Бұл бастамасын ол ұлттық мереке — Республика күніне арнап, жүгіруді 25 қыркүйекте бастауды жоспарлап отыр. Әскери қызметші осы мақсаты арқылы қазақстандық ультрамарафондардың барлық алдыңғы рекордтарын жаңартпақ.

Рауан Әбілхановтың бастамасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Астана қаласы әкімдігінің әскери қызметшілері тарапынан қолдау тапты.

Сержант Әбілхановтың жүгіруде рекорд жасаудан тәжірибесі бар. 2022 жылы ол Алматы облысындағы «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Шелек ауылы бағыты бойынша 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүргіріп өтіп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

42 жастағы спортшы 15 жылдан астам жеңіл атлетикамен айналысады. Алматыда және әскери қызметшілер арасында марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Алдағы марафоннан өзге оның жоспарында 10 күнде 1000 шақырым жүгіру – жаңа жобасы да бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив