Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.01 640.34 6.52

Абай облысының делегациясы Түркістан қаласында өткен ынтымақтастық форумына қатысты

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Түркістан қаласында «Орталық Азия – Корея» жергілікті өзін-өзі басқару органдарының екінші ынтымақтастық форумы өтті. Оған Корея Республикасы, Қырғызстан, Қарақалпақстан, сондай-ақ еліміздің Жамбыл, Ақтөбе, Абай облыстары мен Шымкент қаласынан делегациялар қатысты.

Форум барысында Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы жергілікті басқару, өңіраралық әріптестік, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Шара аясында «Түркістан – Жібек жолы бойындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығы», «Тұрақты халықаралық ынтымақтастықтың негізі ретіндегі жергілікті дипломатия», «Өңірлердің инвестициялық және экономикалық әлеуеті», «Аграрлық ынтымақтастық», «Туризм», «Білім беру және кадрлық алмасу, жаңа буын басшыларын дайындау» тақырыптарында сессиялар өтті. Форумда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен қатар, Абай, Түркістан облыстарының және Корея Республикасының бизнес өкілдері арасында екіжақты келіссөздер ұйымдастырылды.

Бұл кездесу агроөнеркәсіп саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, әріптестікті нығайтуға және инвестициялық жобаларды ілгерілетуге бағытталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив