Абай облысында тексеру комиссияларының төрағаларының қатысуымен республикалық семинар-кеңес өтті
Бүгін Абай облысында Астана қаласы, Абай, Атырау, Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының тексеру комиссияларының төрағаларының қатысуымен республикалық семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Іс-шараны Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков ашып, семинардың мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласындағы тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және тиімді шешімдерді іздестіру үшін маңызды алаң екеніне тоқталды.
Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттамаларды сараптау, 2025 жылы жүргізілген аудит қорытындылары, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, ақпараттық жүйелердің жұмысы, өңірлік бақылау органдарының үйлесімді қызметін қамтамасыз ету, АҚШ мемлекеттік аудит органдарының тәжірибесін қолдану мәселелері қарастырылды.
Семинар-кеңес қорытындысында талқыланған мәселелер сыбайлас жемқорлық қатерлерін азайтуға, сондай-ақ қаражатты халық игілігіне тиімді жұмсауға бағытталатыны атап өтілді.