Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

Еңбек министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) вице-министр Виктория Шегайдың қатысуымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Ведомствоның 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары мәселелері талқыланды.

Арнайы әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Ғазиза Иманғали стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) мамандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша кәсіби құзыреттілікті арттыру мәселесі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ ол өңірлерде МӘМ базасында өткізілген семинар-тренингтердің нәтижелері туралы ақпарат ұсынды.

Келесі болып Қоғамдық кеңес мүшесі Сауле Сарбасова мен Солтүстік Қазақстан кәсіби даярлық және сервис колледжінің директоры Иван Никитин сөз сөйледі. Олар ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту тәжірибесімен бөлісіп, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Бейбіт Құндызбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы хабардар етті.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры Данара Қайролла зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Қоғамдық кеңес мүшелері ЕХӘҚМ өкілдерімен бірлесіп отырыста қаралған барлық мәселелерді талқылап, алдағы жұмысқа қатысты өз ұсыныстарын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив