Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтті

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының төл тарихы мен тұлғаларға қатысты құнды құжаттарды ұрпақ санасында жаңғырту, ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру және жастардың патриоттық сезімін ояту.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым және студенттер мен оқушылар қатысты.

Ашық есік күні аясында ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы кезең, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына арналған көрме ұсынылды. Сонымен қатар профессор, медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Батпеновтің жеке архив қорынан материалдар және көрнекті ғалым, этнограф, профессор Әлкей Марғұланның құнды қолжазбалары көпшілік назарына қойылды. Бұдан өзге заманауи сканерлеу технологиясын пайдалана отырып құжаттарды цифрлау барысы көрсетіліп, әдеби викториналар мен интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Ашық есік күні жыл сайын еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде өткізіледі. Биыл аталмыш іс-шараға республика бойынша 15 мыңға жуық студент пен оқушы қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив