Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Көлік министрлігі оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда

19-09-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Өскемен қаласында көлік вице-министрі Талғат Ластаев №50 мектептің 9–11 сынып оқушыларымен кездесіп, сала туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Білікті мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Қазіргі таңда елімізде 13 мың шақырымнан астам автожол құрылысы, Достық–Мойынты, Дарбаза–Мақтарал, Аягөз–Бақты теміржол желілері, жаңа әуежайлар мен жолаушылар бағыттарын кеңейту жобалары іске асуда.

Кездесуде «ҚТЖ», «Қазаэронавигация», НЦКДА және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері мамандықтардың артықшылықтары мен мансаптық мүмкіндіктері жайлы баяндады.

Оқушылар заманауи технологиялар, жасанды интеллектті енгізу және көлік саласындағы оқу орындарына түсу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Бұл іс-шара жастарды стратегиялық маңызды көлік саласына тартуға бағытталған маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив