Cемей-29°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
510.95 594.49 6.5

Қазақстан ТЖМ басшысы «Автокомпоненты KZ» зауытына барды

19-09-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысы генерал-майор Шыңғыс Әрінов Астанадағы машина және жабдықтар шығаратын жаңа зауытта жұмыс кездесуін өткізді. Бұл кәсіпорын еліміздегі арнайы техника өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі болып табылады. Оның жылдық қуаттылығы шамамен 350–400 бірлікті құрайды. Зауытта өрт сөндіру автомобильдері, автосатылар, автоцистерналар, авариялық-құтқару машиналары және ТЖМ бөлімшелеріне арналған өзге де арнайы техника шығарылады.

Кездесу барысында құтқару бөлімшелерін заманауи техникамен жабдықтау және оны тиімді пайдалануға жеке құрамды даярлау мәселелері талқыланды. Мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттырып, жаңа техниканы меңгеру мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін оқу бағдарламалары мен бейнесабақтарды енгізуге ерекше көңіл бөлінді.

Жұмыс кездесуі төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында ТЖМ қызметкерлерін техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету мен даярлау жүйесін жетілдірудің маңыздылығын айқындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив