Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты

13-04-2023, 12:10 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада әскери топография, геодезия, картография және навигация мәселелері бойынша Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволарының қызметтері арасында жұмыс кездесуі өтті.

Екі күн бойы әріптестер жергілікті жер туралы және картографиялық, әскерлерді жауынгерлік қамтамасыз ету жүйесінде білімді іс жүзінде қолдану туралы ақпарат беру саласында тәжірибе алмасты. Тараптар одан басқа басқару органдарының шешімін қабылдауды қолдау жүйесіне арнайы техника мен геоақпараттық технологиялардың перспективалық үлгілерін жобалау, құру және енгізу мәселелерін талқылады.

Беларусь армиясының атынан Қарулы күштердің навигациялық-топографиялық қызметінің бастығы – РБ ҚК Бас штабының навигациялық-топографиялық басқармасының бастығы полковник Алексей Баканов қазақстандық тараптың шақыруымен келгенін атап өтті.

– Жұмыс кездесуі барысында біз әскерлерді жергілікті жер туралы заманауи ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібінің мәселелерін қарастырдық, жергілікті жер туралы ақпаратты қамтамасыз ету және жасау бойынша бағдарламалық аппараттық құралдардың қалай қолданылатынын талқыладық, – дейді ҚР ҚК Бас штабының Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев. – Шара алғаш рет Қазақстан аумағында өтіп отыр. Мұндай өзара іс-қимыл осындай қызметті дамыту үшін нәтижесін береді деп ойлаймын.

Беларусь делегациясы Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. «Қазақстан Ғарыш Сапары «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында беларусь елінен келген қонақтарға Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі көрсетілді. Ал Astana IT University делегация мүшелеріне Қазақстан Республикасында геоақпараттық қамтамасыз ету кадрларын даярлаудың оқу процесін көрсетті. Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығында беларусь әскерилері Қазақстан Республикасындағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық өніммен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив