Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Облыс әкімі «Алтын-Алтай» шаруа қожалығына барды

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Сәтбаев ауылындағы шаруа қожалығының негізгі бағыты – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалпы ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 1500 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта шаруашылықта 130 бас мал бар. Онға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Шаруашылықта 1000 гектар жерге тамшылатып суару жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылуда. Биыл оның алғашқы кезеңінде 300 гектар алқапқа күнбағыс егілді. Жоба толық іске қосылғанда 500 гектарға майлы дақылдар, 150 гектарға картоп, 150 гектарға көкөніс және 200 гектарға жүгері егіліп, жалпы өнім көлемі 10 мың тоннадан асады деп жоспарланып отыр.

Шаруа қожалығының жетекшісі Тынай Қуанған жобаны толық деңгейде жүзеге асыруға электр желісінің жеткіліксіздігі кедергі болып тұрғанын жеткізді. «Электр желісін тарту құрылысы» атты инвестициялық жобаны әзірлеп, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім жолданғанын айтты.

Күнбағыс алқабын аралап, шаруашылықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі Берік Уәли Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармасына «Семей» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп заң аясында тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

«Жобаның маңызы өте зор. Тамшылатып суару жүйесін енгізу арқылы егіс алқаптарының өнімділігі артып, шаруашылықтың әлеуеті күшейеді. Жұмыстарыңыз табысты, берекелі болсын. Өз тарапымыздан мемлекеттің қолдауын көрсетеміз. Аудан әкімі бақылап, құжат жағынан көмектесіңіз»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив