Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

222 мыңға жуық адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

13-04-2023, 14:13 Думан Кенжеғазыұлы

Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 222,5 мың адам қатысты. 152,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 48,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.   

Субсидияланатын жұмыс орындарына 103,4 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,1 мың адам, жастар практикасымен 5,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 76 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 66 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 7,4 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 14 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 12,4 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 53,6 мың адамды қамтылды, оның ішінде 39,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 40,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив