Жарғыны ұстан, достықты қадірле, жақыныңды құрметте!
Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы мерзімді әскери қызметшілерге арналған «Жарғыны ұстан, достықты қадірле, жақыныңды құрметте» атты алдын алу шарасын ұйымдастырды. Абай гарнизонының сарбаздары бас қосқан жиынға арнайы мейман ретінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Әжібаев қатысты. Әскери қызметші отан алдындағы борышты өтеу барысында жарғыдан тыс қарым-қатынасты болдырмау, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілер арасындағы достықты сақтауға бағытталған мазмұнды баяндама оқыды.
- Абай өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы әскердегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша арнайы кейс құрастырып шығарды. Кейс мақсаты әскери тәртіпті қатаң түрде ұстана отырып, қызмет барысында құқықбұзушылыққа жол бермеуді көздеу. Аталмыш кейс сарбаздар санасына салмақты ой тастап, жалынды жауынгерлік мерзімді өткеруде сарабдал әмбе саралы жол ұсынады, - дейді Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің офицері капитан Сымбат Амангелді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Партиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыҚорғаныс министрі әйел әскери қызметшілерді мерекемен құттықтадыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралды