Бағаналы бақ ордам – Шәкәрім шаңырағы
Тарихы тереңге бой алған - Шәкәрім университеті қазіргі таңда белгілі де беделді оқу-орындарының алды десем қателеспеймін.
Ректорымыз Бауыржан Аманкелдіұлы айтқандай, университетіміздің басты миссиясы - ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман мен кемел тұлғаны қалыптастыру.
Студенттеріміз тек оқу білім жағынан ғана емес рухани, шығармашылық жағынан үзбей даму үстінде.
Қазіргі таңда университеттің студентке берер мүмкіншіліктері өте зор.
Бірнешеуін атап айта кететін болсам:
1. TOP-100 үздік студент
2. Minor бағдарламасы
3. Cousera білім платформасы
4. Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық
5. Тегін ағылшын және түрік тіл курстары және т.б.
Шәкәрім - үлкен мүмкіндіктер мекені. Университетте білім ала жүріп әр түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласу, ұйымдар мен әр түрлі клубтарда белсенділік таныту, әр түрлі ғылыми конференцияларда бой көрсету жан-жақты кемел адам болып қалыптасуыңызға зор септігін тигізеді.
Жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші. Университетіміз студенттердің өзін-өзі басқаруына ден қойған. Қазіргі таңда оқу ордамызда бірнеше ұйымдар әр түрлі бағытта жұмыс атқаруда. Студенттердің басын бір жерге тоғыстыратын ең негізгі күш, ол - Студенттік парламент.
Шәкәрім университетінің мен білетін басқа университеттерден айырмашылығы мектеп оқушыларымен тығыз байланыста болуы. Daryn Fest, I go to Shakarim сынды жыл сайынғы дәстүрлі форумдар мен фестивальдердің болуы.
Сондай-ақ, «Шәкәрім керуені» атты жобаның арқасында университет басшылықтары мен студенттерінен құралған топ Аягөз, Үржар, Көкпекті, Жарма аудандарын аралап мектеп оқушыларына кәсіптік білім беру жұмыстарымен профориентациялық жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі кезде мен қара шаңырақтың 3 курс студентімін.Мен студент ретінде және кемелденуге ниетті адам ретінде университет таңдауда қателеспегендігімді толық дерлік нық сеніммен айта аламын.
Жасай бер, бағаналы ордам – бақ ордам!
Сағыныш ИГЕНБЕРДЫЕВА
Шәкәрім университеті, Инженерлік-технологиялық факультетінің 3 курс студенті