Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Абай облысының судьялары республикалық спартакиадада топ жарды

29-09-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының XI республикалық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Спорттық сайыстар Қажымұқан атындағы орталық стадион мен өзге де спорт нысандарында ұйымдастырылды. Дәстүрге айналған бұл жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда қатысып, 9 спорт түрінен бақ сынады.

Спартакиада бағдарламасына шағын-футбол, волейбол, арқан тарту, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындары енгізілді.

Жарыс қорытындысында Абай облысының судьялар командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, спартакиаданың көшбасшысы атанды. Екінші орынды Астана қаласының, үшінші орынды Маңғыстау облысының командалары жеңіп алды. Барлық спорт түрлері мен жеке номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив