Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
546.96 642.73 6.7

Қазақстандықтарға 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша отандастарымызға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,74 трлн теңгеге жетті. БЖЗҚ-ның МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі 12,60% құрады, инфляция мөлшері – 12,20%. ЖМЗЖ-ның соңғы 12 айдағы кірістілігі 01.09.2025ж. – 7,64%.

Қазақстандықтардың ағымдағы жылдың 8 айындағы таза инвестициялық кірісі – 1 270,99 млрд теңге. Оның ішінде 1 265,72 млрд теңгесі салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен табысқа тиесілі. Қазақстандықтардың шартты зейнетақы шоттарына (ШЗШ) есептелген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен таза инвестициялық кіріс 5,26 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.  

Ұзақ мерзімді кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік инфляциядан асып түседі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекке өспелі қорытындымен жинақталған кірістілік 979,95% -ды көрсетті. Бүкіл кезеңдегі инфляция – 827,78%.  

 Естеріңізге сала кетейік, инвестициялық табыс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар), сыртқы басқарудағы активтер бойынша сыйақы есебінен, сондай-ақ қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалау есебінен қалыптастырылады. Зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылықты қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ және инвестициялық портфельді жеке басқарушылар (ИПБ)  инвестициялық портфельді тұрақты түрде әртараптандырып отырады – активтерді нарықтық жағдайларға байланысты құрылымы үнемі түзетіліп отыратын әртүрлі қаржы құралдары мен валюталарға орналастырады.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. 

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпаратты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан да алуға болады.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив