Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Миллионға жуық адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге пайдаланды

18-05-2023, 15:00 Думан Кенжеғазыұлы

1 миллионға жуық бірегей өтініш берушілер зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға және (немесе) емделуге пайдаланды. Өздеріңізге белгілі, зейнетақы жинақтарын азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы шегінде тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға шектеусіз рет пайдалана алады.

2021 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 361 040 өтінішін орындады. Отандастарымыздың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 2,35 млн теңге.  Бірегей өтініш берушілер саны – 692 936 адам. Осылайша, кейбір салымшылар (алушылар) біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үйге алу құқығын бірнеше рет пайдаланған.

Бұл бағытта Алматы (17,55%), Астана қалаларының (13,96%) және Маңғыстау облысының (10,31%) тұрғындары белсенді болды. www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде азаматтардың біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштерді қандай мақсаттарға беретіні,  оның ішінде өңірлер бөлінісі ("Біржолғы зейнетақы төлемдері мақсаттары бойынша"  және "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері"  бөлімшелері) бойынша ақпарат орналастырылған.

Салымшылардың (алушылардың) өз жинақтарын пайдаланатын мақсаттарын талдай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: барлық өтініштердің шамамен 36% – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) және жеке тұрғын үй салу (меншігінде жер телімі болған кезде), өтініштердің шамамен 21% – тұрғын үй құрылыс жинақ бағдарламалары бойынша зейнетақы қаражатын салымшылардың (алушылардың) пайдалануы үшін, өтініштердің шамамен 21% –тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру мақсатында, өтініштердің шамамен 20% – ипотекалық тұрғын үй қарызын бастапқы жарнадан қайта қаржыландыруға және толық өтеуге дейін пайдалану мақсатында жұмсалыпты.  

Қазір  зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар "Отбасы банк "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Банк Фридом Финанс Қазақстан"АҚ болып табылады.

Атап кетейік, уәкілетті операторлардан 469,46 млрд теңге салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) қайтарылды, себебі отандастарымыз біржолғы зейнетақы төлемдерін өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланбаған.  

Сондай-ақ, БЖЗҚ 334,08 млрд теңге көлемінде емделуге берілген 414 326 өтінішті орындады. Емделуге алынған қаржының орташа сомасы шамамен 0,8 млн теңге. Бірегей өтініш берушілердің саны 302 034 адам. Осылайша, жинақталған зейнетақы қаражатын тұрғын үйге пайдалану кезіндегідей, емделуде де кейбір қазақстандықтар өз қаражаттарын бірнеше рет пайдаланған.

Өтініштердің 96% астамы стоматологиялық, 2,71% офтальмологиялық қызметтерді алу үшін орындалды. Қалған медициналық бағыттарға зейнетақы жинақтарының 1% азы пайдаланылды.

Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на 33,13 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану бойынша өзекті статистикамен www.enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" - "Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері" бөлімінде танысуға болады.

Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж.бастап 8,9 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 5 968 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңге. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру бойынша толық статистика да enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" – "Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру" бөлімінде қолжетімді.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасты. Сіз олар туралы ақпаратпен танысып,  инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімі" бөлімінде біле аласыз. Атап кетейік, 8,9 млрд теңгенің 44,29% немесе 3,9 млрд теңгесі "Jusan Invest" АҚ-ға, 28,04% немесе 2,5 млрд теңгесі "Halyk Global Markets" АҚ-ға, 16,14% немесе 1,4 млрд теңгесі "BCC Invest" АҚ-ға, 10,05% немесе 0,9 млрд теңгесі "Сентрас Секьюритиз"АҚ-ға, 1,49% немесе 132 млн теңгесі "Halyk Finance" АҚ-ға аударылған.

Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін салымшы өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге жылына бір рет қана құқылы. 2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде 76 өтініш беруші ИПБ таңдау туралы шешімін өзгертіпті. БЖЗҚ бір ИПБ-дан екіншісіне жалпы сомасы 323 млн теңге болатын ауыстыру туралы 102 өтінішті орындады.

101 адам зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін екі жылдан кейін ҚР ҰБ басқаруына қайтару құқығын пайдалану туралы  шешім қабылдапты. БЖЗҚ тарапынан 2023 жылғы 15 наурыз бен 30 сәуір аралығында ИПБ-дан ҚРҰБ-қа жалпы сомасы 625 млн теңге қаражат аудару бойынша 168 өтініш орындалды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген және ИПБ Инвестициялық декларациясында көзделген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруына аудару кезінде мемлекеттің кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Ол нарықта қолданыстағы ИПБ басқаруға берілген зейнетақы активтерінің орташа өлшенген кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив