Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты

26-03-2024, 10:09 018.kz

БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 01 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері 

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты. Олардың 2024 жылдың бірінші айындағы өсімі шамамен 240,5 млрд теңге (1,3%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3,3 трлн теңгеге (21,9%) өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан және 17,5 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім - 21,7%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 578,2 млрд теңге (бір жылдағы өсім – 26,9%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 5,5 млрд теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 50,1%).

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (бұдан әрі – ЖМЗЖ) толықтырылды.  ЖМЗЖ шамасы әрбір қызметкердің ай сайынғы табысынан есептеледі: 2024 жылғы 1 қаңтарда 1,5% мөлшерден басталып, 2028 жылы 5% жеткенше жыл сайын ұлғайтылып отырады. ЖМЗЖ төлемдерін зейнетке 2038 жылы шығатын қызметкерлер ала бастайды. Бұл шара болашақта алатын зейнетақысының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болатын 1975 жылдан кейін туған қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. 2024 жылдың бірінші айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 1,1 млрд теңгеден асты.

2024 жылдың бірінші айында зейнетақы жарналарының сомасы 187,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20% немесе 31,7 млрд теңгеге жоғары. Зейнетақы жарналарының жалпы көлемінде 93,7% (175,9 млрд теңгеден астам сома, бір жылдағы өсім – 20%) БЖЗҚ-ға МЗЖ есебінен түсетін түсімдер құрайды. МКЗЖ есебінен 10,3 млрд теңгеден астам (бір жылдағы өсім – 15%) қаражат түсті. ЕЗЖ көлемі 291 млн теңге (бір жылдағы өсім – 75%), ЖМЗЖ - 1,1 млрд теңгеден асты. 

БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына жыл басынан бері есептелген таза инвестициялық кіріс ­- 109,6 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 45,7 млрд теңгеге немесе 72% артық.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 млн бірлік болды. Оның ішінде МЗЖ бойынша - шамамен 11,1 млн, МКЗЖ бойынша - шамамен 646 мың, ЕЗЖ бойынша - 403,3 мың бірлік. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарының саны 269 мыңнан астам бірлікті құрады. Бұл шоттарда БЖЗҚ-ға аударылған ЖМЗЖ туралы мәліметтер мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер ескеріледі.

2024 жылдың бірінші айында БЖЗҚ 63,4 млрд теңгеден астам соманы төледі. Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 15,5 млрд теңге, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЖЗҚ) - 28,6 млрд теңгеден астам, сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 10,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 4,4 млрд теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 2,8 млрд теңге, жерлеуге төленетін төлемдер – 966,9 млн теңге және мүгедектігі бойынша төлемдер – 280,4 млн теңге.

БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша орташа айлық төлемнің мөлшері – 34 162 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 945 752 теңге. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде кесте бойынша орташа айлық төлем 30 040 теңге, ал ең жоғары төлем 742 692 теңге болған еді.

Зейнетақы активтері бойынша, оның ішінде республика өңірлері бөлінісінде статистикалық деректер туралы барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер" бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив