Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР ИИДМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

15-04-2023, 09:02 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заң нормаларын түсіндіру мақсатында семинар-лекция ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Мирас Қарғабай бұл бағытта қолға алынған реформалар мен кейінгі жылдары енгізілген жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«2019-2020 жылдары елімізде сыбайлас жемқорлықты төмендету бағытында біраз өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, саяси мемлекеттік тұлғалардың қарамағындағы қызметкерлер парамен ұсталған жағдайда тікелей жауапкершілік қарастырылған. Квазимемлекеттік ұйымдарда комплаенс қызмет жолға қойылды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлық фактісін байқап, бұл туралы тиісті органдарға хабарлама жеткізетін азаматтарға қаржылай сыйақы берілетінін айта кетейік. Бұрын шартты түрде мерзімнен ерте босау жөніндегі норма болғанын айта кеткен жөн. Қазір жемқорлық дерегімен сотталатын азаматтарға бұл талап қарастырылмайды. Бұдан басқа қылмыстың осы түріне қатысты ақпаратты жеткізетін азаматтарды қорғау бөлігінде де біраз өзгеріс енгізілді. Яғни, келіп түсетін ақпараттың құпиялығын сақтауға байланысты тетік жетілдіріліп жатыр», деді М.Қарғабай.

 Семинар барысында ҚР ИИДМ-нің аппарат басшысы Ерболат Мұқаев ұлттық экономиканың нақты секторының 60% ведомствоның қарамағына шоғырланғанын, сондай-ақ 7 комитет пен 20 департаментте 1300-ден артық қызметкер және 19 бағынышты ұйымда шамамен 20 мың адам еңбек етіп келе жатқанын жеткізді. Еліміздің дамуына тікелей әсер ететін жүйе құраушы салалардың министрліктің құзырына кіретіндіктен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ұдайы көңіл бөлініп келе жатқаны айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив