Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

«Елімай» футбол клубы өз таңдауын жасады

12-10-2025, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін «Елімай» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамы Семей қаласы әкімі сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.

Команда мүшелері бұл тарихи сәттің маңыздылығын атап өтіп, сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігі мен белсенді ұстанымының көрінісі екенін айтты.

«Бүгін біз тек спортта емес, азаматтық тұрғыдан да өз командамыздың намысын қорғадық. Себебі сайлау – қаламыздың болашағын айқындайтын маңызды қадам. Әр тұрғынның дауысы – Семейдің ертеңіне қосылған үлес», – деді клуб капитаны.

«Елімайлықтар» барша семейліктерді белсенді болып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив