Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
475.39 513.37 5.4

Семейде «Abai CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

17-04-2023, 10:25 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың 15-16 сәуірі күндері аралығында «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Пікірталас қозғалысын дамыту» әлеуметтік қызметі аясында Семей медицина университетінде Абай облысы әкімінің кубогіне арналған «Abai CUP» республикалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. 

Турнир БПФ (Британдық парламенттік формат) және ЛД (Линкольн-Дуглас) форматтарында ойнатылды. Британдық парламенттік формат бойынша 4 іріктеу раунды, жартылай финал және финал ойындары өтті. Үздік спикерді анықтау үшін іріктеу раундтарында жоғары спикерлік ұпай жинаған 8 спикер арасында Линкольн-Дуглас форматындағы ойын өтті.

Турнирдың Бас төрешісі Астана қаласының беделді пікірсайысшысы - Дүйсенғалиұлы Ақылжан болды.

Турнирге Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей қалаларынан 62 фракция қатысуға өтініш беріп, ойын ережесіне сәйкес 32 фракция іріктелінді.

Турнир қорытындысы бойынша Астана қаласынан келген Өміржанов Әмір мен Заманбекова Алтынай Абай облысы әкімінің кубогін иеленді. Павлодар мен Семей қалаларынан қатысқан Жақсылық Бекхан мен Сағымбекова Ботагөз, Орманбеков Қуаныш пен Исахан Нұрбақыт, Семей қаласынан қатысқан Дүйсенғазина Аяулым мен Серкбекова Алия финалист атанды. Астана қаласынан келген Заманбекова Алтынай «Үздік Спикер», Семей қаласынан қатысқан Рүстемұлы Мират «Үздік төреші» аталымын иеленді. Жастар финалының жеңімпазы ретінде танылған Семей қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің атынан қатысқан – Жабағиева Үммігүлсім мен Айтқалиева Дана тамаша ойын өрнегін көрсетті. 

Турнир жеңімпаздары қаржылай сыйлықтармен марапатталды: 1-орын 300 000 теңге, финалисттер (3 команда) әрқайсысы 100 000 теңге, үздік спикер 50 000 теңге, жастар финалының жеңімпазы 30 000 теңге, үздік төреші 20 000 теңге, үздік спикерлер сәйкесінше сертификаттармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив