Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.53 623.94 6.59

Абай облысының Сыдықбаевтар әулеті – «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпазы

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Республика күні қарсаңында өткен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде еліміздің әр өңірінен келген 20 үлгілі отбасы құрметке ие болды.

Іс-шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және қоғам қайраткерлері қатысты.

Биыл байқауға республика бойынша 3434 өтінім түсіп, өңірлік кезең жеңімпаздары арасынан 20 үздік отбасы анықталды. Оларға естелік мүсінше, диплом және 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табысталды.

Абай облысының намысын Сыдықбаевтар әулеті қорғап, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Отағасы Оңғар ата мен жұбайы Тлеугайша Қасымжанқызы сегіз бала тәрбиелеп өсірген, бүгінде олар 16 немере мен 7 шөберенің ата-әжесі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив