Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.53 623.94 6.59

Облысты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Аудан-қала әкімдері бейнережимде қатысты.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейітқанов баяндады.

Мемлекет басшысының елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста тиісті жұмыс атқарылуда. Өңірдегі 1 қала мен 9 ауданда 33 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 6 нысанда құрылыс аяқталып, халыққа ауыз су берілді.

Аймақ басшысы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларының орындалу барысын ерекше бақылауда ұстап, құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүзеге асырылуына күнделікті мониторинг жүргізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, аудан және қала әкімдеріне жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жобаларды толық іске қосу бойынша нақты шараларды қабылдауды жүктеді.

«Мемлекет басшысы халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту туралы тапсырма бергені бәрімізге белгілі. Бұл – ең алдымен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндет. Барлық жобаларды мерзімінде аяқтау әкімдердің тікелей жауапкершілігі екенін ескертемін. Осыған орай әрбір қала және аудан әкімдері өз аумағындағы барлық су құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын қатаң бақылауға алып, қажетті жұмыстарды сапалы және шұғыл атқаруы тиіс», - деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив