Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ҚТЖ ауа-райының қолайсыздығына қарамастан штаттық режимде жұмыс істеуде

17-04-2023, 16:40 Думан Кенжеғазыұлы

ҚТЖ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері қардың, боранның және қатты желдің орын алуы жағдайларында жүк пен жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қар құрсауында қалған адамдарды шығаруды ұйымдастырды. Ерейментау станциясынан әйелдер мен егде жастағылар да бар  40 астам адам астанаға пойызбен жеткізілді. Сондай-ақ, елордадан Семей, Шымкент, Түркістан және Петропавл бағытында жүретін пойыздарға қосымша вагондарды тіркеу бойынша жедел шаралар қабылданды.

Пойыздардың өтуін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы темір жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қармен күреске бағытталған инфрақұрылымның барлық ресурстары жұмылдырылды. Магистральдық желінің Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе бөлімшелері аумақтарында темір жол төсемін қардан тазарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Өткен тәулікте арнайы қар тазалау техникасының көмегімен 430 шақырымнан астам теміржол төсемі тазартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив