Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.15 617.47 6.64

Абай аудандық мәслихаттың XXXI сессиясында маңызды мәселелер талқыланды

7-10-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Абай аудандық мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті отыз бірінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Сессияның күн тәртібіне төрт негізгі мәселе енгізілді. Атап айтқанда, ауданның ауыл шаруашылығы, экономика, бюджет және шағын және орта бизнесті дамыту бағыттарында атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты комиссиялардың есептері тыңдалды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау және адам құқығын сақтау бағытындағы іс-шаралардың орындалуы да қаралды.

Маңызды тақырыптардың бірі аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі болды. Тиісті сала мамандары елді мекендердегі су инфрақұрылымын жақсарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Жиында 2024 жылғы Архат ауылдық округінің бюджетінің орындалуы және атқарылған жұмыстар жайында толық ақпарат ұсынылды. Депутаттар көтерілген мәселелерді талқылап, бірқатар ұсыныстар енгізді. Сессия қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелер қолдау тауып, келесі мәслихат сессиясының күн тәртібі бекітілді.

Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған осындай отырыстар өңірдің өзекті мәселелерін тиімді шешуге және әкімшілік пен мәслихат арасындағы үйлесімді жұмысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив