Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарауылдағы Кәмен Оразалин музей-үйінде болды

5-10-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

5 қазан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров және Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Әнесұлы Өтемісов Абай облысы, Абай ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында делегация аудан орталығы Қарауыл ауылындағы белгілі жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері Кәмен Оразалиннің музей-үйін аралады.

Қонақтарға музейдегі бірегей құжаттар, тарихи жәдігерлер, жазушының жеке қолданған заттары және шығармашылық мұралары таныстырылды. Нұрлан Мәжитұлы Абайдың аманатын тоқытқан, Мұхтар Әуезовтің ерекше ілтипатына ие болған қаламгердің өнегелі өмір жолына жоғары бағасын берді. Ол музей экспозицияларын тамашалау кезінде рухани сабақтастықтың айқын көрініс тапқанын атап өтті.

«Кәмен ағамыздың музей-үйінде болып, терең, мазмұнды ақпарат алдық. Ерекше әсер үстіндеміз. Еліміздің тарихы мен мәдениеті үшін музей өлшеусіз үлес қосып келе жатыр екен. Музей қызметкерлеріне алғысымыз шексіз!»,- деп мәртебелі қонақ музейдің пікір кітабына өз лебізін қалдырды.

Сапар соңында музей меңгерушісі Еркін Оразалы қонақтарға жазушының биыл Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Абайдан соңғы арыстар» роман-трилогиясын құрметпен тарту етті. Тараптар естелік суретке түсіп, өнер мен руханиятқа арналған керемет кездесудің мәнді сәтін есте қалдырды.

Бұл сапар Кәмен Оразалин мұрасының елдік деңгейде бағалануда екенінің жарқын дәлелі болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив