Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

Абай тойы – бірліктің жемісі

4-10-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлы ойшыл, қазақ халқының рухани көшбасшысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – елдіктің, ынтымақ пен тұтастықтың айқын көрінісі болды. Бұл мерейлі жыл Абайды терең танып, оның аманатын ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған рухани жаңғырудың жарқын үлгісіне айналды.

Осы айтулы мерейтойдың табысты өтуіне өз үлесін қосып, туған елінің игілігі жолында аянбай қызмет еткен меценаттар мен жанашыр азаматтарға құрмет көрсету мақсатында салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Жиында сөз сөйлеген Абай ауданының әкімі Мейіржан Серікбосынұлы ел намысы сынға түскен сәтте туған жердің өркендеуіне үлес қосқан жандарға алғысын білдірді. Ол Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған жобалар мен іс-шаралардың шынайы патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің нәтижесі екенін ерекше атап өтті.

Мерекелік жиын барысында облыс әкімінің арнайы Алғыс хаттары, сондай-ақ мерейтой ұйымдастыру алқасының шешімімен бекітілген «Абай тойы» мерекелік төсбелгілері табысталды. Бұл марапаттар ұлы мұра жолында атқарылған еңбектің елдік деңгейде бағаланғанының дәлелі саналды.

Шара соңында көрермендерге «Қаламқас» халық ән-би ансамблі мазмұны терең, рухты көтеретін мерекелік бағдарламасын ұсынды. Ән мен бидің әуезі Абай мұрасын дәріптеп, көпшіліктің көңілін бір серпілтті.

Бұл мерекелік кеш Абай есімінің төңірегіне топтасқан ел бірлігінің символына айналып, ұлы ойшыл өсиет еткен татулық пен парасатты өмірдің шынайы көрінісін паш етті. Туған жерге сүйіспеншілікпен қызмет еткен азаматтардың еңбегі жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив