Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

Қайырымдылық – иманның жартысы

3-10-2025, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Қоғамдағы ең асыл құндылықтардың бірі – мейірім мен жанашырлық. Жыл сайын жалғасып келе жатқан игі істер ел ішінде бірлік пен өзара қолдауды нығайтып, көптеген жанның жүрегіне үміт сыйлайды. Соның жарқын мысалы ретінде Абай ауданында орын алған сауапты бастаманы айтуға болады.

Жеке кәсіпкер Абдильдин Ақан Құрманұлы биыл да өз дәстүрін жалғастырып, әлеуметтік тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға елеулі демеу көрсетті. Қайырымдылық шарасы аясында Қарауыл және Кеңгірбай би ауылдарындағы 40 отбасыға 40 бас жылқы малы тегін табысталды. Бұл көмек тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен бірге ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, өз шаруашылығын дамытып, экономикалық жағдайын нығайтуға мүмкіндік беретін үлкен тірек саналады.

Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы Ақан Құрманұлына ел атынан ризашылығын білдірді. Оның елге жасаған қамқорлығы, азаматтық жауапкершілігі және туған жеріне деген сүйіспеншілігі жоғары бағаланып, көпшіліке үлгі ретінде атап өтілді.

Мұндай қайырымдылық істер қоғамға жылулық пен ізгілік сыйлайды. Жақсылық жасаған жанның қолы да, көңілі де әрдайым берекеге толсын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив