Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
530.07 615.2 6.58

Семей – Қарауыл бағытында жолаушылар тасымалы тұрақты жүргізілуде

18-09-2025, 14:37 018.kz

Семей қаласы мен Абай ауданы орталығы Қарауыл арасындағы қатынас халыққа қолайлы болу үшін жолаушылар тасымалы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл бағыттың ашылуы тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетуге, әлеуметтік және экономикалық байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосуда.

Бұған дейін аталған бағыт бойынша екі мәрте конкурс өткізіліп, автобустар жолға шыққан болатын. Алайда, жолаушылар санының жеткіліксіздігіне байланысты тасымал қызметі уақытша тоқтатылған еді. Қазіргі таңда бағыт қайта жанданып, көлік қозғалысы тұрақты жолға қойылды.

Жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы да бақылауға алынған. Қолданыстағы көліктер санитарлық талаптарға сай жабдықталып, жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалған. Сонымен қатар, билет бағасы тұрғындар үшін қолжетімді деңгейде белгіленген:
Семей – Қарауыл: 1500 теңге

Осы ретте аудан тұрғындары мен қонақтарына ұсынылып отырған қоғамдық көлік қызметін белсенді түрде пайдалануға шақырылады. Халықтың қолдауы маршруттың тұрақты жұмыс істеуіне және тасымал қызметінің сапасын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың қолайлы жүруіне жағдай жасау – біздің ортақ мақсатымыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив